08.04.2026 08:53

Нойер Мессимен теңесті

08.04.2026 08:53

«Бавария» қақпашысы Мануэль Нойер Чемпиондар лигасының ширек финалында «Реалға» (2:1) қарсы тоғыз сейв жасап, матчтың үздік ойыншысы атанды

Бұл оның осы турнирде бастапқы құрамда алаңға шыққан 136-ойыны болды. Осылайша Нойер бұл көрсеткіш бойынша «Барселона» мен ПСЖ-ның бұрынғы ойыншысы Лионель Мессимен теңесті. Ал рекорд 149 матч өткізген «Реалдың» экс-қақпашысы Икер Касильясқа тиесілі.

Нойер осы маусымда 31 матчта 30 гол өткізіп, 10 ойында қақпасына доп жібермеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram