08.04.2026 12:50
Нуньес Еуропаға оралуы мүмкін
08.04.2026 12:50
«Әл-Хиләл» шабуылшысы Дарвин Нуньес «Ювентуске» ауысуы мүмкін

Sky Sport хабарлауынша, Туриннің клубы оны жазда қатарына қосқысы келеді. Қазір қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр. Дарвин «Ювентус» Чемпиондар лигасына жолдама алған жағдайда клуб сапына қосылуға дайын екен.
26 жастағы Уругвай құрамасының шабуылшысы Саудияның клубына өткен жазда «Ливерпульден» 53 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 24 матчта тоғыз гол соғып, бес нәтижелі пас берді.