04.02.2026 12:10
Нуньес Еуропаға оралуы мүмкін
04.02.2026 12:10
«Әл-Хиләл» шабуылшысы Дарвин Нуньес «Фенербахчеге» ауысуы мүмкін

Серкан Хамзаоглудың хабарлауынша, Түркияның клубы 26 жастағы уругвайлық ойыншыны маусым соңына дейін жалға алғысы келеді. Тіпті ресми ұсыныс та жолдап қойыпты. Енді «Әл-Хиләлдің» жауабын күтіп отыр.
«Фенербахче» егер Нуньесті ала алмаса, назарын «Ромада» ойнайтын Артём Довбикке бұрады екен.
Бұған дейін «Фенербахче» қатарына Н'Голо Кантені қосқан еді. Бірақ команданың басты форварды Юссеф Эн-Несири «Әл-Иттихадқа» ауысып кетті.
Нуньес Саудияның клубына тамыз айында «Ливерпульден» 53 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 22 матчта жеті гол соғып, бес нәтижелі пас берді.