12.06.2026 18:58
Оңтүстік Корея Әлем чемпионатында рекорд орнатты
12.06.2026 18:58
Әлем чемпионатының бірінші турында Оңтүстік Корея Чехияны 2:1 есебімен камбэк жасап жеңді

67-минутта кәрістердің сапында мергендік танытқан Хван Ин-Бомның голы мундиаль тарихына енді. Бұл доптың соғылуына дейін Оңтүстік Корея 25 рет пас алмасып, бұрын-соңды болмаған нәтижені тіркеді.
«Қызыл сойқандар» келесі турда 19 маусым күні турнир қожайындары Мексикамен Сапопандағы «Акрон» стадионында кездеседі.