19.10.2025 19:55
«Ордабасы» 7:1 есебімен жеңіске жетті
19.10.2025 19:55
Қазақстан Премьер-лигасының 25-турында «Ордабасы» өз алаңында «Оқжетпесті» 7:1 есебімен тізе бүктірді

Шымкент клубының сапында Жоау Паулину мен Елхан Астанов дубль жасаса, Лука Имнадзе, Сергей Малый және Михай Кэпэцынэ бір голдан соқты.
Осылайша 34-ұпайын еншілеген «Ордабасы» турнир кестесінде жетінші орынға жайғасты.
Андрей Мартин шәкірттері соңғы турда «Ақтөбеге» қонаққа барады.