03.10.2025 15:18

«Ордабасы» мен «Тобылды» не күтіп тұр?

03.10.2025 15:18

4 қазан күні «Ордабасы» мен «Тобыл» Қазақстан кубогы аясында Қызылордада жолығады. Сарапшылар жасанды төсеніші бар жаңа стадион ойыншыларға кедергі келтіруі мүмкін екенін атады

Белгілі футбол эксперті Алмас Құлшынбаев Sports.kz-ке берген сұхбатында, алдағы финал жайын қозғап:

«Финал нейтралды стадионда өтеді. Мынаны ескергеніміз жөн, «Тобыл» мен «Ордабасының» стадионында табиғи газон бар. Олар сонда ойнап үйренген. Ал Қызылордадағы алаңға жасанды газон төселген. Сондықтан ойыншыларға жайсыз болып, мәселе туындауы мүмкін», - деді ол.

Айталық, сенбі күні өтетін Қазақстан кубогын шетелдік төрешілер бақылайды. Швейцариядан келген маман Свен Вольфенсбергер мен командасы ойынды барынша әділ өткізуге дайын.

Айзат Айдарқызы

Айзат Айдарқызы

InstagramInstagram