18.06.2026 11:06
Өзбекстан Колумбияға жол берді
18.06.2026 11:06
Әлем чемпионатының бірінші турында Өзбекстан Колумбияға есе жіберді

Мехикода өткен кездесуде 1:3 есебі тіркелді. Колумбия сапында Даниэль Муньос, Луис Диас және Хаминтон Кампас гол соқты. Ал Өзбекстан құрамында жалғыз Аббосбек Файзуллаев мергендік танытты.
Өзбекстан келесі турда 23 маусым күні Португалиямен ойнайды. Тура сол түнде Колумбия Конго Демократиялық Республикасымен күш сынасады.