03.02.2026 15:18
Педри қашан оралады?
03.02.2026 15:18
«Барселона» жартылай қорғаушысы Педридің жағдайы белгілі болды

Ол 21 қаңтар күні тізе астындағы сіңірін зақымдап алып, содан бері ойнамаған еді.
Jijantes FC хабарлауынша, Педридің жағдайы бірқалыпты. Ол жеке бағдарлама бойынша шынығып жүр екен. Ал топтық жаттығуға шамамен бір айдан кейін оралады.
23 жастағы испаниялық ойыншы осы маусымда 25 матчта екі гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.