06.10.2025 08:53

Пеп Гвардиола рекорд орнатты

06.10.2025 08:53

Ағылшын Премьер-лигасының 7-турында «Манчестер Сити» «Брентфордтен» (1:0) басым түсті

Осылайша Пеп Гвардиола АПЛ-де 250 жеңіске ең жылдам қол жеткізген бапкер атанды. Испаниялық маман бұл межені 349 матчта бағындырды.

Бұған дейінгі рекорд «Манчестер Юнайтедтің» аңыз бапкері Сэр Алекс Фергюсонға (404 ойын) тиесілі болған.

Гвардиола «қалалықтар» тізгінін 2016 жылдың жазында ұстаған еді. Оның тұсында клуб 543 матчта 389 рет жеңіске жетіп, 69 мәрте тең түсіп, 85 кездесуде жеңіліс тапты.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram