17.10.2025 09:22

Пике: Ла Лига төрешілерінің бәрі – «Реалдың» жанкүйері

17.10.2025 09:22

«Барселонаның» бұрынғы қорғаушысы Жерар Пике Испания чемпионатының төрешілерін сынға алды

— «Ла Лига төрешілерінің бәрі – «Реалдың» жанкүйері. Сондықтан матч барысында сүйікті клубына бүйрегі бұрып тұрады. Жанкүйерлер аут, фол, бұрыштама сияқты ұсақ-түйек нәрселерге мән бермейді. Бірақ, бұл ойын нәтижесіне тікелей әсер етеді»,– деді Пике.

Жерар Пике мансабын 2022 жылдың соңында аяқтап кетті. Ол футболдағы ғұмырының 14 жылын (2008-2022) «Барселонада» өткізді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram