24.09.2025 12:07

ПСЖ негізгі ойыншысын сақтап қалмақ

24.09.2025 12:07

Фабиан Руис ПСЖ-мен келісімшартын ұзартуға жақын

Экрем Конурдың мәліметінше, қос тарап 2029 жылға дейін жарамды жаңа құжатқа қол қоймақ.

Қазіргі келісім 2027 жылдың 30 маусымында күшін жояды.

Руис париждік клуб үшін 2022 жылдың тамыз айынан бері тер төгіп келеді. Осы аралықта жалпы 140 матч өткізіп, 22 гол соғып, 15 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram