20.06.2026 14:25
ПСЖ ойыншысы «Атлетикоға» ауысады
20.06.2026 14:25
ПСЖ жартылай қорғаушысы Ли Кан Ин «Атлетикоға» ауысуға жақын

Mundo Deportivo хабарлауынша, Мадридтің ұжымы онымен өзара келісімге келді. Енді клубтар келіссөз жүргізіп жатыр. Париждің командасы 25 жастағы оңтүстіккореялық ойыншы үшін 35 миллион еуро сұрап отыр.
Ли Кан Ин биыл аяқталған маусымда 39 матчта төрт гол соғып, бес нәтижелі пас берді.