05.10.2025 18:16

«Қайрат» «Жетісуды» ойсырата жеңді

05.10.2025 18:16

Қазақстан Премьер-лигасының 24-туры аясында «Қайрат» өз алаңында «Жетісуды» ірі есеппен жеңді

Алматыдағы «Орталық» стадионында өткен кездесуде 5:0 есебі тіркелді. Алаң иелері сапында Жоржинио дубль жасаса, Дастан Сәтпаев, Эдмилсон және Азамат Тұяқбаев бір голдан соқты.

Осылайша 55-ұпайына қол жеткізген «сары-қаралар» турнир кестесінде көш бастады.

Рафаэль Уразбахтин шәкірттері келесі турда «Қызылжарға» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram