24.07.2026 19:00
«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы матчы Түркістанда өтуі мүмкін
24.07.2026 19:00
«Қайраттың» Еурокубоктың үшінші іріктеу кезеңіндегі матчы Алматыда болмайды

14 тамыз күні «Орталық» стадионда Канье Уэсттің концерті болатынына байланысты «сары-қаралар» УЕФА-ға матчты «Түркістан Аренада» өткізу туралы ұсыныс жолдап, ол қабылданды.
Матч Чемпиондар немесе Еуропа лигасының аясында өтеді. Ал нақтысы 29 шілдеге жоспарланған «Омонияға» қарсы қарымта матчтан кейін белгілі болады. Біздің жігіттер Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі сырт алаңдағы алғашқы ойында 0:1 есебімен жеңіліп қалған еді.