14.12.2025 12:28
«Қасқырлардың» жағдайы мәз емес
14.12.2025 12:28
«Вулверхэмптон» алғаш рет өз тарихында 9 ойын қатарынан ұтылды

«Вулверхэмптон» сырт алаңда «Арсеналға» 1:2 есебімен ұтылды. 16-тур аясында өткен ойында соңғы минутта гол өткізіп алды.
«Вулверхэмптон» алғаш рет өз тарихында Премьер-лигада 9 ойын қатарынан ұтылды. Қазіргі таңда 2 ұпаймен турнирлік кестенің соңында тұр.
Сондай-ақ команда алғаш рет чемпионатта 20 ойын бойы жеңіске жете алмай келеді. «Қасқырлардың» кезекті қарсыласы - «Брентфорд».