14.06.2026 02:10
Қатар мен Швейцария тең ойнады
14.06.2026 02:10
Әлем чемпионатының бірінші турында Қатар мен Швейцария тең түсті

АҚШ-тың Санта-Клара қаласындағы «Левайс» стадионында өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды. 17-минутта Бреел Эмболо пенальтиден гол соқса, 90+4-минутта Буалем Хухи таразы басын теңестірді.
Осылайша В тобындағы барлық команда бір ұпайдан еншіледі. Бұған дейін Канада Босния және Герцеговинамен (1:1) тең түскен.