18.09.2026 20:37
Рафинья: «мансабымды «Барселонада» аяқтағым келеді»
18.09.2026 20:37
«Барселона» шабуылшысы Рафинья клубта қалады

Мұны 29 жастағы бразилиялық вингердің өзі RAC1 басылымына берген сұхбатында айтты.
«Барселонамен» келісімшартты ұзартуды жоспарлап отырмын. Мансабымның соңына дейін осы клубта ойнасам деймін»,– деді Рафинья.
«Блауграна» Рафиньяны 2022 жылы «Лидстен» 58 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда жеті матчта 11 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.