03.09.2025 09:14

Рауль «Байер» бас бапкері атануы мүмкін

03.09.2025 09:14

Мадридтік «Реал» мен Испания құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы «Байер» бас бапкері атануы мүмкін

Marca мәліметінше, леверкузендіктер 48 жастағы маманның кандидатурасын қарастыруда.

Рауль 2019-2025 жылдар аралығында «Реалдың» жастар клубын баптады. Оның жетекшілігімен команда 82 рет жеңіске жетіп, 57 матчта жеңіліс тауып, 44 мәрте тең нәтиже тіркеді.

Еске салсақ, «Байер» 1 қыркүйек күні Эрик тен Хагты қызметінен босатқан еді. Нидерландылық маманның тұсында клуб Бундеслиганың екі турында бар болғаны бір-ақ ұпай жинады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram