10.06.2026 10:21

Рауль Хименес «Вулверхэмптонге» оралды

10.06.2026 10:21

Рауль Хименес «Вулверхэмптон» ойыншысы атанды

35 жастағы Мексика құрамасының шабуылшысы «қасқырлардың» сапына «Фулхэмнен» еркін агент ретінде ауысып келді. Қос тарап 2028 жылдың жазына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды және оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар.

Хименес бұған дейін «Вулверхэмптонден» 2018-2019 және 2019-2023 жылдар аралығында ойнаған еді. Ол биылғы маусымда 43 матчта 10 гол соғып, үш нәтижелі пас берді және биыл Әлем чемпионатына барады.

Ал 38 турдан кейін небәрі 20 ұпай жинаған «Вулверхэмптон» АПЛ-де соңғы орын алып, Чемпионшипке ұшып кетті. Бұған дейін команда сапына «Ньюкаслдан» Киран Триппьер ауысып келген еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram