26.07.2026 15:18
«Реал» Диомандқа жаңа ұсыныс жасайды
26.07.2026 15:18
«Лейпциг» вингері Ян Диоманд «Реалға» ауысуға жақын

Фабрицио Романоның хабарлауынша, «Реал» жақында Диоманд үшін «Лейпцигке» екінші ұсынысын жасайды. Бұл жолы «бланкос» 100 миллион еуродан көп сома беруге дайын екен. Бұған дейін «қызыл бұқалар» 100 миллион көлеміндегі ұсынысты қабылдамаған.
«Бланкос» Диомандтың өзімен келісімге келіп қойды. Бәрі ойдағыдай болса, қос тарап 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қояды. Енді тек «Лейпцигтен» келісім алу ғана қалды.
19 жастағы Кот-д'Ивуар құрамасының ойыншысы өткен маусымда 36 матчта 13 гол соғып, он нәтижелі пас берді.