08.12.2025 08:37

«Реал» футболшысы үш ай ойнамауы мүмкін

08.12.2025 08:37

«Реал» қорғаушысы Эдер Милитао жарақат алды

27 жастағы Бразилия ойыншысы «Сельтаға» (0:2) қарсы матчта тізе асты сіңірін зақымдап алып, 24-минутта алаңдағы орнын босатты.

Осыған байланысты үш айға дейін командасына көмектесе алмауы мүмкін. Мадридтің клубы әлі ресми мәлімдеме жасамады.

Милитао осы маусымда 16 матчта бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram