28.10.2025 10:26

«Реал» капитаны қатардан шықты

28.10.2025 10:26

«Реал» капитаны әрі қорғаушысы Дани Карвахаль жарақат алды

Испаниялық ойыншы «Барселонаға» (2:1) қарсы ойында тізесін зақымдап алыпты.

Осыған байланысты оған ота жасалып, 2-3 ай уақыт командасына көмектесе алмайды.

Бұл Карвахальдың мансабындағы 27-жарақаты болды. Осыған дейін 1013 күні емделуге кетіп, 238 матчтан тыс қалған.

Ал осы маусымда сегіз матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram