28.10.2026 14:39

«Реал» Мбаппе үшін Қытайдан кешірім сұрады

28.10.2026 14:39

«Реал» Қытай халқынан ресми түрде кешірім сұрады

«Реал Мадрид» Килиан Мбаппенің сөзі Қытай халқына қолайсыздық тудырған болса, кешірім сұрайды.

Клуб Қытай еліне, оның тарихы мен мәдениетіне, сондай-ақ халқына зор құрметпен қарайды. Біз қытайлық жанкүйерлердің қолдауы мен ықыласын жоғары бағалаймыз»,– делінген мәлімдемеде.

Бұған дейін Мбаппе Қытайдың бұрынғы басшысы Мао Цзэдунды «диктатор» деп атаған еді. Осыған байланысты Қытай брендтері Мбаппемен келісімшартты бұзып, елде оның матчтарын көрсетуге тыйым салынды. «Реалдан» бұрын Ла Лига басшысы Хавьер Тебас пен Килиан Мбаппенің өзі де Қытайдан кешірім сұрап, ресми мәлімдеме жасады.

27 жастағы француз форварды осы маусымда 13 матчта 14 гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Килиан 2026 жылғы «Алтын доп» рейтингінде екінші орын алды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram