20.11.2025 16:37
«Реал» ойыншысы Ямальді мойындады
20.11.2025 16:37
Мастантуоно Ямальды үлгі тұтатынын жеткізді

«Реал» футболшысы Франко Мастантуоно жас жұлдыз Ламин Ямальдың деңгейін жоғары бағалады. Ойыншының айтуынша, қазіргі таңда Ямаль одан мықты, әрі әлдеқайда жоғары деңгейде өнер көрсетіп жүр.
«Ямаль бүгінгі күні менен жақсы. Ол қазірдің өзінде керемет деңгейде. Ал мен «Реалға» енді келдім. Салыстыруды ұната қоймаймын. Бірақ осындай деңгейдегі қарсыластар мені одан әрі ынталандырады», — деді Мастантуоно.
Мастантуононың сөзінен кейін жанкүйерлер екі жұлдыздың болашақта «Эль-Класикода» басты тұлғаларға айналатынына сеніммен қарап отыр.