30.07.2026 16:14
«Реал» ойыншысы қатардан шықты
30.07.2026 16:14
«Реал» қорғаушысы Рауль Асенсио жарақат алды

23 жастағы испаниялық ойыншы оң аяғының бұлшық етін зақымдап алыпты. Осыған байланысты ол шамамен алты апта командасына көмектесе алмайды.
Асенсио өткен маусымда 32 матчта екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.