24.02.2026 08:33
«Реал» ойыншысына «Манчестер Юнайтед» көз тікті
24.02.2026 08:33
«Реал» жартылай қорғаушысы Эдуардо Камавинга мансабын «Манчестер Юнайтедте» жалғауы мүмкін

OKdiario хабарлауынша, манкуниандықтар 23 жастағы француз ойыншысын біраздан бері бақылап жүр. «Қызыл сойқандар» оны жазда клубтан кететін Каземироның орнын басатын футболшы ретінде көреді және 75 миллион еуро ұсыныс жасауға дайын.
Камавинга осы маусымда 29 матч өткізіп, екі гол мен бір нәтижелі пастың авторы атанды.