29.01.2026 03:26

«Реал» жеңіліп қалды

29.01.2026 03:26

Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің соңғы сегізінші турында «Реал» сырт алаңда «Бенфикаға» есе жіберді

Лиссабонда өткен кездесуде 4:2 есебі тіркелді. Алаң иелерінің сапында Андреас Шельдеруп дубль жасаса, Вангелис Павлидис және қақпашы Анатолий Трубин бір голдан соқты. Ал Мадрид клубында Килиан Мбаппе дубль жасады. Сондай-ақ матч соңында Родриго мен Рауль Асенсио алаңнан қуылып кетті.

Осылайша тоғызыншы ұпайын олжалаған «қырандар» үздік 24 клубтың қатарына соңғы болып кіріп, тоғыспа плей-офф кезеңіне жолдама алды. 15 ұпайы бар «Реал» болса 1/8 финалға тікелей шығатын үздік сегіз клубтың қатарына ене алмай, тоғызыншы сатыға жайғасты.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram