28.02.2026 11:24
Рэшфорд «Барселонада» қалады
28.02.2026 11:24
«Барселонада» жалда жүрген Маркус Рэшфорд клубта қалатын болды

Mundo Deportivo хабарлауынша, «блауграна» 28 жастағы англиялық вингерді «Манчестер Юнайтедтен» толықтай сатып алады. Каталония клубы келісімшартта көрсетілген 30 миллион еуроны үш жылға бөліп төлейді. Ал Маркустың өзімен 2030 жылға дейін жарамды келісімшартқа отырады екен.
Рэшфорд «Барселона» сапында 34 матчта 10 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді.