24.12.2025 17:11
Рэшфорд «Барселонада» қалғысы келеді
24.12.2025 17:11
Рэшфорд: «Негізгі мақсат - жеңіс»

«Барселонаның» шабуылшысы Маркус Рэшфорд жалға алу мерзімі аяқталғаннан кейін каталониялық клубта қалғысы келетінін мәлімдеді.
«Мен «Барсада» қалғым келеді. Бұл - менің мақсатым, бірақ мені табанды түрде жаттығып, бар күшімді салуға мәжбүрлейтін жалғыз себеп емес. Негізгі мақсат - жеңістер. «Барселона» - титулдар ұтып алу үшін құрылған үлкен әрі тамаша клуб», - деді Рэшфорд Sport басылымына берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, 28 жастағы ағылшын ойыншысын «Манчестер Юнайтедтен» 30 миллион еуроға сатып алу мүмкіндігі бар. Алғашқы жарты жылда Маркус 24 матчта 7 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді.