29.09.2025 10:08
Родридің «Бернлиге» қарсы неліктен ойнамағаны белгілі болды
29.09.2025 10:08
Родри АПЛ 6-туры аясындағы «Манчестер Сити» – «Бернли» матчынан (5:1) тыс қалған.
Пеп Гвардиоланың хабарлауынша, Родри жаттығу кезінде тізесінің қатты ауырғанын және ойнай алмайтынын айтыпты.
Бұл дәл крест байламын үзіп алған тізесі екен. Өткен маусым соның салдарынан жеті айдан аса уақытқа қатардан шыққан еді.
Сондай-ақ осы маусымның басында да тізесінің мазалап жүргені хабарланған.