30.12.2025 02:59
«Рома» сенімді жеңіске жетті
30.12.2025 02:59
Италия А Сериясының 17-туры аясында «Рома» өз алаңында «Джеонадан» басым түсті

«Олимпико» стадионында өткен кездесуде 3:1 есебі тіркелді. Алаң иелерінің сапында Матиас Суле, Ману Коне және Эван Фергюсон мергендік танытты.
Осылайша 33-ұпайын олжалаған «джаллоросси» турнир кестесінде төртінші орынға табан тіреді.
Джан-Пьеро Гасперинидің шәкірттері келесі турда 3 қаңтар күні «Аталантаға» қонаққа барады.