06.04.2026 12:07
Роналдиньо әлемнің үздік ойыншысын атады
06.04.2026 12:07
Бразилия құрамасы мен «Барселонаның» бұрынғы вингері Роналдиньо Лионель Мессиге қатысты пікір білдірді

«Леомен бірге жаттыққан әр кезден ләззат аламын. Ол – әлі де әлемнің үздік ойыншысы. Әлем чемпионатына керемет бабында барып, өзін жоғары деңгейде көрсетеді деген сенімдемін»,— деді 46 жастағы аңыз.
Роналдиньо мен Месси 2003-2008 жылдары «Барселонада» бірге ойнаған еді.
38 жастағы аргентиналық вингер «Интер Майами» намысын 2023 жылдан бері қорғап келеді. Ол биыл жеті матчқа қатысып, алты гол соқты.