31.01.2026 02:00
Роналду 961-голын соқты
31.01.2026 02:00
Саудия Про-лигасының 19-турында «Әл-Наср» сырт алаңда «Әл-Холудты» 3:0 есебімен тізе бүктірді

Бұл матчта Криштиану Роналду мансабындағы 961-голын соқты. Одан бөлек Мұхамед Симакан мен Кингсли Коман мергендік танытты.
Осылайша «Әл-Наср» 43-ұпайын олжалап, турнир кестесінде екінші орынға жайғасты.
Роналду бастаған ұжым келесі турда 2 ақпан күні «Әл-Риядқа» қонаққа барады.