15.09.2025 08:31

Роналдуға «Алтын бутса» табысталды

15.09.2025 08:31

«Әл-Наср» ойыншысы Криштиану Роналдуға «Алтын бутса» табысталды

Португалиялық шабуылшыға бұл жүлде «Әл Хулудпен» (2:0) матчтың қарсаңында тарту етілді.

39 жастағы футболшы чемпионаттың өткен маусымында 30 матчта 25 гол соқты. Ал оның командасы біріншілікті үшінші орынмен аяқтады.

Криштиану 2023 жылдың қаңтар айынан бері «Әл-Наср» намысын қорғап келеді. Осы аралықта жалпы 109 матч өткізіп, 95 гол мен 20 нәтижелі пастың авторы атанды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram