17.06.2026 13:26

Рубен Диаш Конгоға қарсы ойнамайды

17.06.2026 13:26

Португалия құрамасының қорғаушысы Рубен Диаш қатардан шықты

29 жастағы «Манчестер Сити» ойыншысы бұлшық етіндегі жарақатынан әлі айыға алмай жатыр екен. Сондықтан бүгін, 17 маусым күні сағат 22:00-де Әлем чемпионатының бірінші туры аясында болатын Конгоға қарсы матчқа қатыспайды. Мұны бас бапкер Роберто Мартинес растады.

Айта кетейік, Португалияның тобында Конгодан бөлек Өзбекстан мен Колумбия бар.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram