25.12.2025 21:32
Рубен Невешке жеті клуб «құда түсті»
25.12.2025 21:32
«Әл-Хиләл» тұтқауылы Рубен Невеш Еуропаға оралуы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, 28 жастағы Португалия ойыншысына «Реал», «Барселона», «Манчестер Юнайтед», «Арсенал», «Ньюкасл», «Ливерпуль» және «Ювентус» қызығушылық танытып отыр. Рубеннің өзі де клуб ауыстыруға дайын екен.
Невеш биыл 21 матчта алты гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Оның «Әл-Хиләлмен» келісімшарты 30 маусымда күшін жояды.