12.02.2026 09:17

Салах рекорд жаңартты

12.02.2026 09:17

«Ливерпуль» дүлдүлі Мұхамед Салах рекорд орнатты

33 жастағы мысырлық вингер «Сандерлендке» (1:0) қарсы ойында жалғыз голды соққан Вирджил ван Дейкке нәтижелі пас берді.

Осылайша АПЛ-де ең ассист жасаған «Ливерпуль» ойыншысы атанып, Стивен Джеррардпен теңесті. Екеуі де 92 мәрте әріптесінің гол соғуына септігін тигізген.

Салах Мерсисайд клубының намысын 2017 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы аралықта жалпы 427 матчта 251 гол соғып, 120 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram