04.10.2025 01:32
Савио «Манчестер Ситиде» қалды
04.10.2025 01:32
Савио «Манчестер Ситимен» келісімшартын ұзартты

Қос тарап 2031 жылдың жазына дейін жарамды жаңа құжатқа қол қойды.
21 жастағы бразилиялық вингер Манчестер клубының намысын 2024 жылдың шілде айынан бері қорғап келеді. Осы аралықта жалпы 54 матч өткізіп, төрт гол соғып, 13 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ өткен маусымда Англия Суперкубогын жеңіп алды.
Айта кетейік, Ағылшын Премьер-лигасының алты турынан кейін 10 ұпай жинаған «қалалықтар» турнир кестесінде 7-орында келеді.
Пеп Гвардиола шәкірттері келесі ойынын 5 қазан күні «Брентфордке» қарсы сырт алаңда өткізеді.