19.10.2025 18:56

Сегіз гол соғылған матчта «Астана» «Ақтөбені» жеңді

19.10.2025 18:56

Қазақстан Премьер-лигасының 25-туры аясында «Астана» «Ақтөбеден» басым түсті

«Астана Аренада» өткен кездесуде 5:3 есебі тіркелді. Алаң иелері сапында Джеффри Чинеду хет-трик жасаса, Назми Грипши мен Усман Камара бір голдан соқты. Ал ақтөбеліктердің құрамында Жайро Жан, Даниэль Соса және Артур Шушеначев мергендік танытты.

Осылайша 25 ойында 56 ұпай жинаған «Астана» екінші орынға жайғасты. Ал еншісінде 42 ұпайы бар «Ақтөбе» бесінші орында келеді.

Ел чемпионы соңғы турда анықталады. Григорий Бабаян шәкірттері 26 қазан күні көш басындағы «Қайратқа» (58 ұпай) қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram