24.12.2025 08:52
Семеньо «Манчестер Ситиге» ауысуға жақын
24.12.2025 08:52
Антуан Семеньо «Борнмуттан» «Манчестер Ситиге» ауысуға жақын

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап белсенді түрде келіссөз жүргізіп жатыр. Манчестер клубы трансферді алдағы күндері тезірек рәсімдеп тастағысы келеді.
Семеньоның өзі де «қалалықтар» сапына қосылуды қалайды. Ол сол үшін «Манчестер Юнайтедтің» ұсынысынан бас тартқан екен. Ал «Челси» мен «Тоттенхэм» Антуан үшін таластан шығып қалды.
24 жастағы Гана вингері осы маусымда 17 матчта сегіз гол соғып, үш нәтижелі пас берді.