11.06.2026 11:35
Сенеси «Тоттенхэм» ойыншысы атанды
11.06.2026 11:35
Маркос Сенеси «Тоттенхэм» ойыншысы атанды

29 жастағы аргентиналық қорғаушы Лондонның клубына «Борнмуттан» еркін агент ретінде ауысып келді және 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Маркос жаңа клубында 5-нөмірмен ойнайтын болды.
Сенеси осы маусымда 39 матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады. Сондай-ақ ол Әлем чемпионатынан тыс қалды.