25.02.2026 10:30

Сёрлот тарихи нәтиже тіркеді

25.02.2026 10:30

«Атлетико» шабуылшысы Александер Сёрлот тарихи нәтиже тіркеді

30 жастағы норвегиялық форвард «Брюгге» (4:1) қақпасының торын үш мәрте тулатқан еді.

Осылайша ол Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде хет-трик жасаған «Атлетико» тарихындағы алғашқы ойыншы атанды.

Сёрлот осы маусымда 36 матчта 15 гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram