18.09.2025 23:19
Шерхан Қалмұрза Икер Касильясты артқа тастады
18.09.2025 23:19
Чемпиондар лигасының бірінші туры аясында өтетін «Спортинг» – «Қайрат» матчының негізгі құрамдары жарияланды
Нәтижесінде, қақпашы Шерхан Қалмұрзаның ойынды алғашқы минуттан бастайтыны белгілі болды.
Осылайша отандасымыз турнир тарихында дебют жасаған ең жас қақпашылар тізімінде Икер Касильясты артқа тастап, үздік үштіктің қатарына қосылды.
Мартен Вандевордт – 17 жас, 9 ай, 14 күн;
Миле Свилар – 18 жас, 1 ай, 21 күн;
Шерхан Қалмұрза — 18 жас, 3 ай, 3 күн;
Икер Касильяс – 18 жас, 3 ай, 26 күн.
Еске салайық, Лиссабонда өтетін «Спортинг» пен «Қайрат» арасындағы кездесу 00:00-де басталады. Матчты Qazaqstan ұлттық арнасы тікелей эфирде көрсетеді.