20.07.2026 11:50
Скалони: желтоқсаннан кейін құрамадан кететін шығармын
20.07.2026 11:50
Аргентина құрамасының бас бапкері Лионель Скалони болашағына қатысты пікір білдірді

«Жұмысымды жалғастырамын. Содан кейін президентпен сөйлесемін. Менің келісімшартым желтоқсанда аяқталады. Одан кейін бәлкім құрамадан кететін де шығармын, көремін»,– деді Скалони Испанияға (0:1) қарсы өткен Әлем чемпионатының финалынан кейін.
48 жастағы маман «альбиселестені» 2018 жылы тізгіндеген еді. Содан бері команда Әлем чемпионы (2022) атанып, екі мәрте Америка кубогын (2021, 2024) және Финалиссиманы (2021) жеңіп алды.