07.10.2026 11:32
Сон Хын Мин рекорд орнатты
07.10.2026 11:32
Оңтүстік Корея құрамасының вингері Сон Хын Мин рекорд орнатты

34 жастағы «Лос-Анджелес» ойыншысы Өзбекстанға қарсы жолдастық кездесуде (2:0) бір мәрте қақпа торын тулатты.
Осылайша ол Ұлттық команданың тарихтағы үздік сұрмергені атанды. Сон 59-голын соғып, осыған дейін көш бастап тұрған Чха Бом Гыннан (58 гол) озып кетті.
Сон Оңтүстік Корея сапында 2010 жылы дебют алған еді. Содан бері 152 матчта алаңға шықты.