15.06.2026 08:59

Швеция Тунисті тізе бүктірді

15.06.2026 08:59

Әлем чемпионатының бірінші турында Швеция Тунистен басым түсті

Мексиканың Монтеррей қаласында өткен кездесуде 5:1 есебі тіркелді. Шведтердің сапында Ясин Айари дубль жасаса, Александер Исак, Виктор Дьокереш және Маттиас Сванберг бір-бірден гол соқты. Ал Тунистің құрамында жалғыз Омар Рекик қақпа торын тулатты.

Осылайша Швеция F тобында үш ұпаймен көш бастады. Екінші-үшінші орынға өзара тең ойнаған Нидерланд пен Жапония жайғасқан. Ал ұпайы жоқ Тунис соңғы орында тұр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram