29.11.2025 21:59

Тартысты матчта «Манчестер Сити» жеңіске жетті

29.11.2025 21:59

Ағылшын Премьер-лигасының 13-турында «Манчестер Сити» өз алаңында «Лидсті» 3:2 есебімен жеңді

Матч есебін 1-минутта Фил Фоден ашып, оны Йошко Гвардиол еселеген еді. Алайда Доминик Кальверт-Льюин мен Лукас Нмеча таразы басын теңестірді. Ал жеңіс голын 90+1-минутта Фил Фоден соқты. Сондай-ақ 68-минутта Лукас Нмеча пенальтиден мүлт кетті.

Осылайша «қалалықтар» 25-ұпайын еншілеп, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді.

Пеп Гвардиола шәкірттері келесі турда 2 желтоқсан күні «Фулхэмге» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram