23.07.2026 18:34

Тчуамени «Манчестер Юнайтедке» ауысуы мүмкін

23.07.2026 18:34

«Реал» жартылай қорғаушысы Орельен Тчуамени мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

The Sun хабарлауынша, оған «Манчестер Юнайтед» қызығушылық білдіріп отыр. Ал бас бапкер Жозе Моуринью Тчуаменидің командадан кетуіне қарсы емес. Енді «Реал» жақсы ұсыныс түсіп жатса, Орельенді сатып жібермек.

25 жастағы Франция құрамасының ойыншысы өткен маусымда 49 матчта екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram