01.11.2025 17:04

Темірлан Анарбеков еуропалық клубқа ауысуы мүмкін

01.11.2025 17:04

Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков мансабын Болгарияда жалғастыруы мүмкін

KazFootball.kz мәліметінше, отандасымызға Софияның ЦСКА ұжымы қызығушылық танытып отыр.

Биыл Анарбековтың бағы жанды. Темірлан «Селтикке» қарсы ойында ерлеп, командасына Чемпиондар лигасына тарихи жолдама сыйлады. Сондай-ақ «Пафоспен» (0:0) матчқа қатысып, ерекше көзге түсті. Осы маусымда жалпы 16 ойын өткізіп, 11 матчта қақпасына гол жібермеді.

Ал ЦСКА дәл қазір ішкі біріншілікте жетінші орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram