18.12.2025 19:01

Тимо Вернер Америкаға баруы мүмкін

18.12.2025 19:01

Вернер қаңтарда МЛС-ке ауысуы мүмкін, шабуылшыға бірқатар америкалық клубтар қызығушылық танытуда

«РБ Лейпциг» клубының шабуылшысы Тимо Вернер қысқы трансферлік терезеде командасын ауыстыруы мүмкін, деп хабарлайды инсайдер Фабрицио Романо.

Дереккөздің мәліметінше, 29 жастағы неміс ойыншысына АҚШ-тың бірқатар клубтары қызығушылық танытып отыр.

Нақты белгілі болғаны - «Интер Майами» ойыншыны қатарға қосу бәсекесінен шығып қалды, себебі олар Луис Суареспен келісімшартын ұзартқан.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram